Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған ұялы телефон иесіне қайтарылды

Полицейлер дәмханада ұрланған телефонды тауып, иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияға дәмханада “Самсунг” маркалы ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызданған.

Полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау барысында  жәбірленушінің дәмханада спирттік ішімдік ішкенін анықтады.

Көрші үстелде отырған басқа клиент ер адамның спирттік ішімдікті асыра пайдаланғанын байқап, оның үстелінен ұялы телефонын алып, дәмханадан шығып кеткен.

Полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 41 жастағы азаматты ұстады, ол өзінің қылмыстық әрекетін мойындады.

Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру