Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада қалта ұрысы ұсталды

Қызылордалық полицейлер қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөліміне  60 мың теңге ақшасы және құжаттары салынған әмиянының қоғамдық көлікте жоғалғанын айтып, жергілікті тұрғын шағымданған.

Полиция қызметкерлері жәбірленушіге профилактикалық есепте тұрған адамдардың суреттерін көрсетіп, олардың ішінен жәбірленуші әйел ұрыны таныған.

Полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының басында  қалта ұрысы бірнеше сағаттан кейін ұсталды.

Тексеру барысында бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған қала тұрғынының қылмыстық жолмен табылған ақша қаражатын өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.

Қазір полицейлер оның басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру