Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қоймаларда 320 тоннадан астам химиялық реактив қауіпсіздік ережелерін елемей сақталған

Алматыда қоймаларда 320 тоннадан астам химиялық реактив қауіпсіздік ережелерін елемей сақталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл өрескел заң бұзушылықтарды алматылық полицейлер “Дәрмек” арнайы іс-шарасы барысында анықтады.

Қорында химиялық реагенттердің алуан түрі бар ЖШС-нің бірінің қоймаларына тексеру ұйымдастырылды. Нәтижесінде техникалық талаптарға сәйкессіздік анықталды. Кәсіпорын қоймасында күзет дабылы орнатылмаған, терезелерде торлар, телефондар болмады.  Сонымен қатар, ацетон, диэтил спирті, калий перманганаты, тұз қышқылы, күкірт қышқылы сияқты прекурсорлардың айналымы шектелді. Айналымға шектеу қойылған прекурсорлардың жалпы саны 322 тонна 4 килограмды құрады. Іс жүзінде аудандық полиция бөлімінде іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады, – деді Алматы қалалық ПД  Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Еске салайық, Алматыда республикалық ауқымды “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі аяқталды, оның аясында қаладағы дәріханалар, емханалар, медициналық мекемелер, биохимиялық препараттар айналымына қатысты ұйымдар тексеріледі.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру