Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қоңырау соғуды өтініп телефонды қайтармаған алаяқ анықталды

Алматыда қоңырау соғуды өтініп телефонды қайтармаған алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Б. есімді азамат түсініксіз жағдайларды айтып, өтіп бара жатқан адамдардан “маңызды қоңырау” жасау үшін ұялы телефондарын сұраған.

– Жанашыр жандар осындай қарапайым өтініштен бас тартпаған, ал күдікті болса, құрылғыны алғаннан кейін қашып кеткен. Қазір ұсталған азаматтың осындай 5 алаяқтыққа қатысы бар екендігі анықталды. Олар бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190 бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Батуржан Абдумасаров.

Тәртіп сақшылары алданғандардың одан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Сондықтан олар азаматтарды ұсталған адамды таныған жағдайда мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-701-269 – 05-65.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру