Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сериялық ұры кеңселерді, кафелер мен сұлулық салондарын тонады

Алматыда сериялық ұры кеңселерді, кафелер мен сұлулық салондарын тонады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері бұрын сотталған 56 жастағы қала тұрғынын ұстады.

– К.есімді ер адам 15 ұрлық жасады деп күдікке ілінді. Қаскүнем көбіне кеңселерден, кафелерден, дүкендерден және сұлулық салондарынан ұрлық жасаған. Ғимаратқа түнгі уақытта есік немесе терезе арқылы кірген. Ол қолына іліккен заттың барлығын иемденген: мейлі ол телефондар, планшеттер, ноутбуктар.  Оның соңғы «шолуы» Төле би даңғылындағы кеңселердің бірінде тіркелді. Жедел-іздестіру шаралары барысында К.есімді ер адамның шаһардағы бірқатар басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталды. Ұсталған адамның өзі де жоғарыда аталған ұрлықтарға қатысы бар екенін жоққа шығармайды, – деді, Алмалы АПБ-ның бастығы Есен Ысқақов.

Күдіктіні полиция осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы бар-жоғына тексеріп жатыр.  Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру