Алматыда синтетикалық есірткі сатқан әйел ұсталды
Алматыда синтетикалық есірткі сатқан әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның қылмыстық әрекеті жедел және арнайы іс-шаралармен расталды. Ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын әйел адам синтетикалық “а-PVP” есірткі затын тұрақты тұтынушысына сатқан.
– Сейфуллин даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласында күдіктіні ұстау бойынша арнайы іс-шара жүргізілді. Рұқсат етілген жеке тінту барысында күдікті К.есімді азаматшадан оқшауланған қызыл түсті бума табылды және тәркіленді, оның ішінде өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен байламы болды. Содан кейін, ұсталған азаматшаның тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту кезінде 3 электронды таразы, полиэтилен пакеттері және қабаты бар медициналық тамшуырлар табылып, тәркіленді. Сараптамалар тағайындалды. Осы ретте, К.есімді азаматша синтетикалық есірткіні сатқанын, оны интернет арқылы сатып алатынын мойындады. Біз бұл ақпараттың растығын тексеріп жатырмыз және қалаға шөпті жеткізудің шынайы арнасын міндетті түрде анықтайтын боламыз, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Есірткі сатушы ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.