Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі анықталды

Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан боди-массаж салонын анықтады. Үш қабатты коттеджде 15 бөлме мен сауна бар. Мекемедегі жұмыс барысын екі әкімші бақылап отырды.

– Әкімшілер мен салонда массажист болып жұмыс істейтін тағы 20 қыз ұсталды. Олардың жасы 20-28 жас аралығында. Бұл мекеменің «қызметкерлері» Қазақстанның басқа аймақтарынан келген қонақтар. Олардың жеке басы басқа да бір құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғына тексерілуде. Медеу аудандық полиция Басқармасымен ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес әкімшілік іс материалдары жинақталды. Көрсетілген салонның иесі де анықталды – ол 34 жастағы Ж.есімді азамат болыап шықты. Ол да жауапқа тартылды, – деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру