Алматыда таксист болып жүрген Тәжікстан азаматы отанына жер аударылды
Алматыда таксист болып жүрген Тәжікстан азаматы отанына жер аударылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау мақсатында Медеу аудандық ПБ КҚБ қызметкерлері мобильді топтар құрды.
- 22 жастағы М.есімді азамат жолаушыларды тасымалдау қызметін пайдалана отырып, тиісті рұқсатсыз жеке тасымалдаумен айналысқан. Қазіргі уақытта азамат ҚР ӘҚбК-нің 517-бабы 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. МАӘС қаулысымен Тәжікстан азаматы 5 жыл мерзімге елден шығарылды, - деді Медеу аудандық ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің басшысы Тимур Ноғайбаев.
Сонымен қатар, ол ҚР ӘҚбК-нің 463-бабына сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтары үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.