Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда таксист болып жүрген Тәжікстан азаматы отанына жер аударылды

Алматыда таксист болып жүрген Тәжікстан азаматы отанына жер аударылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау мақсатында Медеу аудандық ПБ КҚБ қызметкерлері мобильді топтар құрды.

– 22 жастағы М.есімді азамат жолаушыларды тасымалдау қызметін пайдалана отырып, тиісті рұқсатсыз жеке тасымалдаумен айналысқан. Қазіргі уақытта азамат ҚР ӘҚбК-нің 517-бабы 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. МАӘС қаулысымен Тәжікстан азаматы 5 жыл мерзімге елден шығарылды, – деді Медеу аудандық ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің басшысы Тимур Ноғайбаев.

Сонымен қатар, ол ҚР ӘҚбК-нің 463-бабына сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтары үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру