Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда ҚАЖ қызметкерлері жеке кәсіпкерлерді құттықтады

Жамбылда ҚАЖ қызметкерлері жеке кәсіпкерлерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Ж. Құрманалиевтің бастамасымен мекеме аумағында өз өндірісін ашқан жеке кәсіпкер әйелдер қауымының 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтау іс-шарасы өткізілді.

Кәсібін дөңгелетіп отырған азаматшалар мекеме бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандардың жұмысын ұйымдастыру тобының бастығы Аймен Тайтелиеваның айтуынша, жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу мекемеде бірінші кезекте жолға қойылған.

– Қазіргі таңда 12 кәсіпкерлік нысанда келісім-шарт негізінде сотталғандар жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта жазасын өтеушілерді көбірек еңбекке тартып, 100 пайыз жұмыспен қамту жоспарланған, – дейді А.Кубеева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру