Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мобильді науқан басталды

Полиция қызметкерлері сондай-ақ “Родник” әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығының мамандары Алматыдағы базарлардың бірінде заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізді., – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтардың отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайында не істеу керектігін, заңды және білікті көмекті дер кезінде алу үшін қандай алгоритмді ұстану керектігін білуі өте маңызды.

– Ең бастысы олар өздеріне белгілі зорлық-зомбылық деректері туралы қайда хабарлай алатынын білуі маңызды. Осы мәліметтердің барлығын біз мобильді науқан кезінде халық арасында тарататын жадынамалар мен брошюралар ішіне енгіздік. Ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін біз азаматтардың жаппай болатын объектілерін қамтимыз. Осы аса маңызды миссияда дағдарыс орталықтары мен басқа да үкіметтік емес ұйымдар бізге белсенді түрде көмектесуде, – деді қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Ақбота Әбілқасымова.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, оның мақсаты – әйелдерге қатысты қылмыс пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіз көші-қонды насихаттау, адам саудасы мен басқа да түрлерінің қаупін азайту, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру