Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткіге қарсы спартакиадаға 1 мыңнан астам жас алматылық қатысты

“Динамо” стадионында есірткіге қарсы айлық аясында “Біз салауатты өмір салты үшін!” ұранымен жыл сайынғы “Ruh Marafon” спартакиадасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара шерумен басталды, оған Б.Момышұлы атындағы және “Арыстан” мамандандырылған лицейлерінің, цирк колледжі, сонымен қатар, Алматы қаласындағы демалыс орталықтарының балалары қатысты.

– Бұл – көптен күткен мереке ғана емес, қоғамға балаларды қорғау және бақытты балалық шақпен қамтамасыз ету қажеттігін еске салу. Сондай-ақ балалардың өздері үшін де спортпен шұғылдану арқылы өзін-өзі қорғай білу, құқықтық сауаттылық пен дене шынықтыру дайындығын арттыру, бойында жоғары адамгершілік қасиеттерді – ерік-жігерді, табандылықты, жетістікке ұмтылуды тәрбиелеу маңызды. Өскелең ұрпақ арасында дені сау, жоғары білімді және үнемі өзгеріп отыратын жаңа әлем жағдайларына бейімделген адамды қалыптастыру – мемлекеттік құрылымдардың, жастар мен жасөспірімдердің спорттық қозғалысы мен бос уақытын ұйымдастыру қоғамдық және дене шынықтыру және спорт ұйымдарының күрделі міндеті екенін атап өткен жөн, – деді, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Спартакиадаға қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балалары мен қызметін атқарып жүрген тәртіп сақшыларының отбасылары да қатысты.
Олардың алдында ЖҚАЖ қызметкерлері, полицей-кинологтар және “Динамо” спорт секциясының тәрбиеленушілері өнер көрсетті.
Шараға қатысушылардың барлығына балмұздақ таратылып, жеңімпаздар естелік сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру