Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Қазақстан полициясына 30 жыл

Алматыда Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған баланы тапты

Алматыда Ұлттық ұланның әскери жасағы жоғалған баланы тауып, анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 тамыз күні кешкі уақытта жауынгерлік қызметте жүрген әскери жасақ құрамына орта жастағы әйел адам жүгініп, бес жасар баласынан көз жазып қалғанын айтқан. Анасы орталық саябақта қыдырып жүріп, баласының қай жаққа кетіп қалғанын аңдамай қалған.

Әскери жасақ бастығы Тимур Хусайнов, патрульдік қызметшілер қатардағы Ернар Болатқұлов және Данил Лебедев баланы іздеуге кіріседі. Көп ұзамай олар әйел айтқан сипаттамаға ұксайтын бүлдіршінді саябаққа қарсы бетте ойын аттракционының жанынан байқайды. Сөйтіп жоғалған баланы анасына қайтарады.

Кішкентай ұлымен қауышқан ана ұландықтарға ризашылығын білдіріп, олардың Әскери антқа деген адалдығы үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру