Алматыда ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды
Алматыда өз ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жеткізілді.
Жас жігітке жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды.
Алатау аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Күдікті – К.есімді азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталды және УҰИ қамалды.
Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.