Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ұрлық жасаған күдікті УҰИ-ға қамауға алынды

Алматыда ұрлық жасаған күдікті УҰИ-ға қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі қалта ұрлығын жасады деген күдікпен Б.есімді әйел ұсталды. Полицияның мәліметінше, күдікті жәбірленушілерді сауда орталықтарынан іздеген.

– Эпизодтардың бірінде, әйел адам келушінің қалтасынан IPhone телефонын суырып алды. Тағы бір жағдайда, бөтеннің мүлкін ұрлау 8 наурыз күні мерекелік қарбаласта жасалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Жәбірленушілердің арызы бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеушілер оның жеке басын қалада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру