Алматыда заңсыз жұмыс істеген азаматтар ұсталды
Алматыда еңбек қызметін заңсыз жүргізген нигериялық азаматтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы көші-қон қызметінің мәліметінше, Алматының Бостандық ауданындағы Қазақфильм ықшамауданындағы корпустардың бірінен Нигерияның 4 азаматы анықталды. Олар еңбек қызметін заңсыз жүргізіп, жұмысшы болып жұмыс істеген.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылады және елден шығарылады.
Еске салайық, бүгінде Алматыда жедел жағдайды жақсартуға, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қон деректерінің жолын кесуге және басқа да заңсыз әрекеттерді анықтауға бағытталған “Участок” жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.