Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жалған нөмірмен жүрген жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Алматыда жалған нөмірмен жүрген жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында ЖҚЕ бұзудың өрескел деректері белгілі болды.

– Қабылданған шаралардың арқасында көлік ұсталды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар Достық пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында ЖҚЕ өрескел бұзып, төтенше жағдай туғызған BMW автокөлігінің жүргізушісіне әкімшілік шара қолданылды. Оның әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 2-бөлігімен сараланады. Көлік айыппұл тұрағына жеткізілді, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ-ның іздестіру бөлімінің бастығы Қайсар Төлебеков.

Қылмысқа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, мақсатында ағымдағы жылдың 20-30 қарашасы аралығында қалада “Құқықтық тәртіп” жалпыреспубликалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ол жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру