Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан халықаралық турнир өтті

18 маусым күні Алматыда есірткіге қарсы профилактикалық айлықтың аясында жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан халықаралық турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Чемпионат ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің, қала әкімдігінің, Алматы қаласы спорт басқармасының және Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов атындағы “Сағадат батыр” спорт клубының қолдауымен ұйымдастырылды.

Чемпионатқа Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және еліміздің бес облысынан 39 команда, 320 спортшы қатысты.

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында атап өткендей: “Бұқаралық спорт, дене шынықтыру және балалар басымдыққа ие болу керек”. Іс-шараның мақсаты – осы спорт түрін дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау.

“Біз салауатты өмір салты, отбасылық құндылықтар және табысты болашақ құру принциптерін қалыптастыру үшін алдын алу жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Еліміздің өскелең ұрпағының болашағы үшін жауаптымыз”,- деп атап өтті ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Ол турнир ұйымдастырушыларына алғыс хаттар табыс етті.

Шара ашылғаннан кейін Клуб президенті Ерболат Тұрымбетов Айдос Айтмұрат, Райымбек Елубаев және Бекнұр Лесбекке “спорт шеберіне үміткер” куәлігін табыстады.

“Sagadat batyr QTT” клубының бас бапкері және негізін қалаушы Нұрсұлтан Орынбасаровтың айтуынша, турнир осымен үшінші жыл өткізілуде.

“Қатысушылар мен ұйымдастыру деңгейі жыл сайын жақсарып келеді. Ниет білдірушілер саны артып келеді. Бұл қуантады. Балалардың ата-аналарына, жаттықтырушыларға, жанкүйерлерге спортты қолдағаны және дамытқаны үшін алғыс айтқым келеді. Біздің болашағымыз жастардың қолында”, – деді ол.

Сонымен қатар турнирге Алматы қаласындағы “Жанұя” балалар үйінің тәрбиеленушілері де қатысты. Олар “Sagadat batyr QTT”клубында тегін жаттығады.

Турнир қорытындысы бойынша жүлдегерлер медальдармен және дипломдармен марапатталды. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Жетісу облысынан келген “Sagadat batyr QTT” командасы, екінші орынды – Alatau QTT (Алматы) және үшінші орынды “Roller Alliance” (Алматы) командасы иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру