Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жасөспірімге темекі сату дерегі тіркелді

Алматыда жасөспірімге темекі сату дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының Түрксіб ауданында жасөспірімге темекі сату дерегі тіркелді.

Алматыда балалар құқықтарын бұзу деректерін анықтау, кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу мақсатында мүдделі қызметтер мен ведомстволарды тарта отырып, «Жасөспірім және көше» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

– Іс-шара аясында кәмелетке толмағандарға алкогольді және темекі өнімдерін сату деректерін анықтауға және жолын кесуге ерекше мән береміз. Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Осипенко көшесіндегі дүкендердің бірінде жасөспірімге темекі сату дерегі анықталды.

Сатушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша хаттама толтырылды. Айыппұл мөлшері – 15 АЕК, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Алматы полициясы, қала тұрғындарын балаларын бақылауға алып, олардың тәрбиесіне деген жауапкершілікті ұмытпауға шақырды. Бақылаудың болмауы жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасауына немесе оларға қарсы заңсыз әрекеттерге алып келуіне себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру