Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда желілік полиция саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Алматыда желілік полиция саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы 1 станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері 8 наурыз мерекесі қарсаңында желілік полиция саласының ардагерлерін құттықтап қайтты.

– Бүгінгі мереке басқа мерекелерден ерекше. Бүгін аналарға алғыс айтып, құрмет көрсетілетін күн. Сіздер – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегісіздер. Мынау жарық әлем тек аналардың махаббатымен ажарлана түседі. Сондықтан сіздерге зор денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз, – деді ардагер аналарды құттықтаған Алматы 1 ст. ЖПБ бастығының орынбасары Әсет Қожахметов.

Сонымен қатар ардагерлер алдында сөз сөйлеген ЖПБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Батима Нұрова да аналар мен арулар мерекесінің тарихи мәніне тоқталып, ардагерлерді ыстық ықыласпен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру