Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтары ұсталды

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздарды “Заңсыз келуші” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.

– Іс-шара аясында шетел азаматтары ең көп шоғырланған орындарда: жатақханалар, қонақ үйлер, құрылыс алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары және тағы басқа қоғамдық орындарда рейдтер жүргізілді. Осылайша, қонақ үй кешендерінің бірінде интимдік қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында 7 өзбекстандық бикеш бар. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдік әйелдер орналастырылады. Алдағы уақытта көші-қон заңнамасын бұзғандар үшін жауапкершілікке тартау, соттау және Қазақстаннан шығару қарастырылады, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қазан мен 8 қазан аралығында қалада ҚР-да заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтауға, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған “Зансыз келуші” жалпы республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру