Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы құрылыс алаңында Өзбекстаннан келген 30-дан астам гастарбайтер ұсталды

Алматыдағы құрылыс алаңында Өзбекстаннан келген 30-дан астам гастарбайтер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көрші мемлекеттен келген келімсектер қаланың Алатау ауданындағы құрылыс алаңында анықталды. Шетелдіктің жанында жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған, осыған байланысты, олар ПД-нің қабылдап-тарату бөліміне орналастырылған.

– Ұсталғандардың әрқайсысының жеке басын анықтағаннан кейін, оларды қаламыздың аумағында кез-келген құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қатыстылығын тексереміз. Содан кейін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстаннан шығарылады. Айтпақшы, өткен күні Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы консулдығымен бірге соттың шешімімен бұрын Қазақстаннан шығарылған Өзбекстанның 16 азаматының отанына оралуы ұйымдастырылды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ спикер 7-16 маусым аралығында өткізілген «Келімсек» іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 785 көші-қон заңнамасын бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, олардың 1 262-сі шетелдік азаматтар екенін еске түсірді. 102 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды, оның тоғызы азаматтық іс жүргізу тәртібімен.

– Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін 467 қабылдаушы тұлға жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 56 жұмыс берушіге айыппұл салынды. Сондай-ақ іс-шара уақытында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырудың үш фактісі анықталды, – деді Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру