Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында екі мас жүргізуші УҰИ-ға қамалды

Ақтөбе облысында екі мас жүргізуші УҰИ-ға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 маусымда Шалқар қаласында учаскелік полиция инспекторы 53 жастағы жүргізушінің басқаруындағы ВАЗ-21015 автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан, жүргізілген сараптама жүргізушінің мас күйде екенін көрсетті. Бұдан әрі тексеру кезінде ер адамның бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Сол күні Сәңкібай батыр даңғылында орналасқан “Шебер” дүкенінің жанында патрульдік полиция қызметкерлері 35 жастағы жүргізушінің басқаруындағы ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатты. Ол бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған, “каннабиоидтарды” пайдаланудан туындаған есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені анықталды.

Екі факт бойынша да ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (КҚ басқару құқығынан айырылған және алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі адамның КҚ басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізушілер УҰИ-ға қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру