Маңғыстау полицейлері шахматтан жарысты
Маңғыстау полицейлері шахматтан жарысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу және 23 маусым Қазақстан полициясы күні мерекелеріне орай Ақтау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері бірқатар шаралар ұйымдастыруда.
15 маусым күні полиция қызметкерлерінің арасында ақыл-ой спорт түрлерінің бірі боп саналатын шахмат пен шашка ойындарынан жарыс өткізілді.
Жарысқа 16 ер мен әйел қызметкерлер бес шахмат және үш шашка жарысы бойынша қатысты. Ойын барысында І, ІІ және ІІІ-орындарға ие болған олимпиада жүлдегерлері жас мөлшері бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың атынан құрмет грамоталарымен, сыйлықтармен марапатталды.