Алматылық азамат тұрғындардың велосипеді мен самокаттарын қолды еткен
Алматылық азамат тұрғындардың велосипеді мен самокаттарын қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бостандық аудандық полициясының мәліметінше, екі дөңгелекті көліктерді бірнеше рет ұрлаған 26 жастағы жумыссыз тұрғын күдікке ілінді.
Т. есімді азамат тергеу дерегіне сай тұрғын үй аулалары мен подъездерден бөтеннің мүлкін қолды етіп жүрген.
– Дәлірек айтқанда, күдікті қана велосипед немесе самокат ұрлауға әбден машықтанған. Ұрланған мүліктерді ломбардқа өткізген. Жүргізілген кешенді жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті анықталды. Ломбардқа өткізілген заттар тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қозғалған қылмыстық іске айғақтық зат ретінде тіркелді. Тергеу амалдарының алғашқы кезеңінде күдіктінің 4 эпизодқа қатыстылығы анықталып, екі жағдайда оның заңсыз іс-әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалғаны белгілі болды, – деді Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Камал Келеспаев.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.