Алматылық оқушылар өздеріне назар аудару үшін флешмоб өткізді
Алматылық оқушылар өздеріне назар аудару үшін флешмоб өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясы «Назар аударыңыз! Балалар!» атты іс-шара өткізіп жатыр.
– Кезеңдердің бірі қаланың қарқынды көлік артериясында, бірнеше сауда және ойын-сауық орталықтары мен базарлар орналасқан Райымбек даңғылы бойында өтті. Балалардың жол-көлік жарақаты мәселесіне назар аудару, сондай-ақ жол қауіпсіздігі туралы ақпараттандыру мақсатында ауданымыздағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен флешмоб өткізілді. Аталмыш шара жаяу жүргіншілер арасындағы көлік тәртібін жақсартуға, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.
ЖААІШ аясында жолда жүру ережелерін түсіндіру және жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру бойынша рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.