Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық полицейлер 25 жыл бұрын жасалған қылмысқа қатысы бар азаматты анықтады

Көкшетаулық полицейлер есірткі сатқаны үшін сотталып, жазадан бой тасалаған қылмыскерді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сот төрелігінен жасырынбақ болған қылмыстық құқық бұзушылар басқа аймақтарға, қалаларға, тіпті мемлекеттен кетіп жатады. Оларды іздеу-қылмыстық полицияның маңызды бағыттарының бірі.

Іздестіру іс-шаралары басқа қызметтермен тығыз қарым-қатынаста жүргізіледі. Бұл жұмыс полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында. Жыл басынан бері облыста барлығы 25 қылмыскерді іздестіру жарияланды. Қылмыспен күрес полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 35 адамды ұстады, оның ішінде 5-і өткен жылдарда жасаған қылмысы үшін жауапкершіліктен қашқандар.

Бүгінгі таңда әртүрлі қылмыстар үшін іздеуде жүрген 4 азамат, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін 2 азамат әлі де іздеуде.

Қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері 1998 жылдан бастап Ресей Федерациясының ҚК-нің 228-бабының 4-бөлігі бойынша есірткі заттарын сатқаны және өткізгені үшін Свердлов облысы бойынша Ресей ІІМ-мен іздеуде болған 63 жастағы ер адамды анықтады. Белгілі болғандай, ер адам 1998 жылы тасымалдаумен айналысқан және Ресейде жұмыс істеген, сол жерде жалдамалы пәтерде есірткімен ұсталған. Полицейлер одан жауап алып, тергеу уақытына жіберді. Алайда, ер адамның Қазақстанда анасы ауырып, оны Отанына жіберуге мәжбүр болды.

Жыл басынан бері Ақмола полицейлері ТМД бойынша іздеуде жүрген 9 қылмыскерді анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру