Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыйым салынған жерге қоқыс тастаған Ақсу тұрғыны жауапқа тартылды

Тыйым салынған жерге қоқыс тастаған Ақсу тұрғыны жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 мамырда Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы көпқабатты тұрғын үйлерге іргелес аумақтарды тиісті күтіп ұстау тұрғысынан рейд жүргізді.

– Ақсу қаласының тұрғыны Донентаев көшесі бойымен темір жолдың жанына қоқыс тастады. Осылайша қала аумағын абаттандыру ережесін бұзды. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Сондай-ақ мұндай фактілерге жол бермеу туралы әңгіме жүргізілді, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.

Полиция қызметкерлері азаматтарды, ұйымдардың иелерін, жеке кәсіпкерлерді саналы болуға, жақын маңдағы аумақтардың, аулалардың, қала көшелерінің тазалығын сақтауға және жауапты болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру