Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер 20-дан астам шетелдікті мемлекеттік шекараға жеткізді

Алматылық полицейлер 20-дан астам шетелдікті мемлекеттік шекараға жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы көші-қон қызметі мәліметінше, Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзған. Полицейлер “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елде заңсыз жүргендерді анықтады.

Қаладағы іс-шараның 8 күнінің ішінде барлығы 634 азаматтың тіркеусіз және құжатсыз тұрып жатқандығы анықталды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 249 шетел азаматы орналастырылды.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда азаматтарға тиіскені үшін 5 шетелдікке әкімшілік шара қолданылды.

Жақында полиция қызметкерлері 20 құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға жеткізуді ұйымдастырды. Ол үшін көп орындықты автобус қарастырылды. Олар “Жібек жолы” БӨП мемлекеттік шекараға дейін жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру