Алматылық полицейлер қару ұстаған ер адамды ұстады
Алматының патрульдік полиция қызметкерлері қару ұстаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 жастағы Ш. есімді азаматтың көлігін Буран-015 патрульдік экипажының қызметкерлері Өжет шағын ауданында тоқтатқан.
Тәртіп сақшыларын көрген Kia автокөлігінің жүргізушісі айтарлықтай қобалжыған. Оның себебі, салоннан патрондары мен оқтары бар травматикалық тапанша табылған кезде белгілі болды.
Шетелдік көліктің жүргізушісі бұл заттардың шығу тегі мен тиесілілігін түсіндіре алмады.
Сараптама тағайындалды, нәтижесінде Ш. есімді азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.
Қылмыстық істің басқа да мәліметтері ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.