Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ҚАЖ қызметкерлері жастар үшін кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді

Абай облысы ҚАЖ қызметкерлері жастар үшін кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әскери қызмет тек физикалық денсаулықты ғана емес, сонымен бірге ақыл-ойдың беріктігін дамытады. Тәртіп, адалдық және адам өзі таңдаған мамандыққа, мақсатқа адалдық сияқты құндылықтарды сіңіреді. Сондықтан Абай облысы бойынша ҚАЖД №19 мекемесі ҚР НГ 5511 ә/б мерзімді сарбаздары үшін, яғни физикалық және психологиялық тұрғыдан дайын жастар үшін кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

Сарбаздарға күндізгі оқу нысаны бойынша академияға түсу кезіндегі жағдайлар мен талаптарды түсіндіре отырып, кәсіптік бағдар беру жұмыстары, ҚР ІІО қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктері жеткізілді.

Ақпараттық-үгіт жұмысының мақсаты – Ш. Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсуге, кейіннен жұмысқа орналасуға, сондай-ақ ІІО-да мансап құрудың артықшылықтары мен оның болашағымен танысу.

Кездесу барысында мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары балаларға ҚР ҚАЖ ведомстволық жоғары оқу орындарында тегін жоғары білім алу мүмкіндігі, оқуға түсу және оқу шарттары, оқуға құжаттарды ресімдеу тәртібі туралы айтып берді. Бұдан басқа, олар ҚАЖ мекемелеріне жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы, қызметке қабылдау кезіндегі талаптар туралы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері үшін заңнамада көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер туралы ақпарат алды. Әңгімелесу барысында қылмыстық-атқару жүйесіндегі оқу және одан әрі қызмет туралы сұрақтарға жауаптар берілді.

– ҚАЖ-да жұмыс істеу – бұл перспективалық және мансаптық жағынан өсу. Қылмыстық-атқару жүйесінде қызметтің көптеген артықшылықтары бар, яғни олар жеңілдікті зейнетақы, мансаптық өсу мүмкіндігі, жалақының өсуі еңбек сіңірген жылдарының ұлғаюымен байланысты, әлеуметтік кепілдіктер, үлкен еңбек өтілі бар адамдар үшін демалысқа қосымша күндер, тегін медициналық қызмет көрсету, тұрғын үйді жалға алу үшін ақшалай өтемақы және т.б.қарастырылған, – деп атап өтті кадр бөлімінің бастығы Дидар Жұмаханова.

Мерзімді сарбаздар ақпаратты мұқият тыңдады, кейбір балалар ұсынылған ақпаратқа қызығушылық танытты, мүмкін болашақта олар өздерінің еңбек қызметін ҚАЖ қызметімен байланыстырады.

Кадр саясат қызметкерлері ҚАЖ қызметіне және ҚР ҚАЖ ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеуге бағытталған жұмысты тұрақты негізде жүргізетінін атап өтеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру