Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мас күйде жүрген 8 жасөспірім анықталды

СҚО-да 4 күн ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс болуы туралы 100-ден астам факт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9-12 наурыз аралығында “Жасөспірім” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жастардың ықтимал жиналу орындары бойынша күшейтілген рейдтер өткізілді. Полицейлер кәмелетке толмағандардың ата-анасының еріп жүруінсіз түнде үйден тыс жерде болуының 110 фактісін тіркеді, оның 16-сы Петропавл қаласы бойынша анықталған. 8 жасөспірім мас күйінде байқалды: төртеуі аудандарда болса, төртеуі облыс орталығында. Құқық бұзушылардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қолайсыз отбасылардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізілді. Петропавлда ювеналды полицейлер 60-тан астам мекенжайға барды. Сондай-ақ аралау нәтижелері бойынша бір алкогольді асыра пайдаланатын ата-ана мен үш жасөспірім есепке алынды. Солардың біріне анасының өзі шара қолдануды өтінді. Белгілі болғандай, 16 жастағы жасөспірім үйден бірнеше рет өз еркімен кетіп қалған.

– Енді онымен профилактикалық жұмыс жүргізілетін болады, қайталанған құқық бұзушылықтар кезінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның отырысына материал жиналуы мүмкін. Сондай-ақ ЖПІШ барысында полиция қызметкерлері мектептерге сынып сағаттары мен ата-аналар жиналыстарына қатысу үшін келді. Олар қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтып, заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершілікті еске салды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты — кәмелетке толмағандардың оларға қатысты да қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу, – дейді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Оңалбек Әбдікәрімов.

Іс-шара барысында барлығы 176 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 46 заңды өкіл жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру