Алматылық полицейлер студенттерге өзін-өзі қорғау әдістерін үйретті
Алматылық полицейлер колледж студенттеріне өзін-өзі қорғау әдістерін үйретті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алғашқы тәжірибелік сабақ №1 Алматы Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде өтті. Іс-шараға 250 студент қатысты.
Жекпе-жектен спорт шеберлері қыздарға адам өміріне қауіп төнген жағдайда қалай қорғану керектігін үйретті.
– Біз жыл сайын жүргізетін, профилактика әдістерінің бірі, тәжірибеде өзін-өзі қорғау әдістерін қолдану. Өмірде әртүрлі жағдайлар болады және әрбір қыз, студент, кез келген уақытта қылмыскерге қарсы тұруы, көшеде жалғыз қалғанда өзін-өзі қорғай алуы қажет. Кейбір өзін-өзі қорғау әдістерін білу бір бөлек, оны іс жүзінде қолдану мүлдем басқа. Бала өзін-өзі қорғаудың теориялық және тәжірибелік аспектілерін меңгергендігі өте маңызды, – деді Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Гүлнәр Жанбекова.
Сабақтарды ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай тренингтер барлық оқу орындарында өткізіліп жатыр. Басты мақсат – қауіпсіз іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау. Жаттығулардың бастамашысы – Алматы қаласының прокуратурасы.
– Сонымен қатар, студенттерге көшеде, үйде, жолда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді. Біз жеке суреттерін және өздері жайлы ақпаратты бөтен адамдарға жіберуге болмайтынын айттық, – деді Алматы қалалық ПД ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.