Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер дүкеннен ұрлық жасаған әйелді анықтады

Павлодарлық полицейлер дүкеннен ұрлық жасаған әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнежазбаның көмегімен павлодарлық полицейлер әйел сөреде тұрған косметиканы алып, дүкеннен қалай шығып кеткенін тіркеді. Косметиканы ұрлады деген күдікті анықталды.

Сонымен қатар, Катаев көшесінде орналасқан Сауда орталығынан белгісіз адам касса арқылы жалпы құны 16 мың теңгеден асатын сусабын мен шашқа арналған бальзам құтысын алып кеткені туралы хабар келіп түсті.

“Сатып алушы” алған тауарларына ақы төлемеген. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

Оларға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 187-бабының 1-бөлігі (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру