Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері экстремизм үшін көзделген жауапкершілік туралы еске салады

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс тұрғындарына заңнаманың бұзылуы үшін қарастырылған қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы еске салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәжірибе көрсеткендей, кейде интернеттегі қашықтықтан болатын қарым-қатынас салдарынан адамдар өздерінің мінез-құлқына ие бола алмай жатады. Бұл қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке апарып соғуы мүмкін. Полицейлер естеріңізге салады: заң әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыруға, діни материалдарды және экстремистік сипаттағы материалдарды таратуға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын шақыруға тыйым салады. Сондай-ақ, миссионерлік қызметпен айналысуға, тиісті рұқсатсыз діни ғұрып заттарын сатуға тыйым салынады. Құқыққа қайшы заңсыз сөздер өмірде де, интернет кеңістігінде де жазаланады.

Айта кету қажет, көп жағдайда алкогольдің әсері адамдарды байқамай артық сөйлеуге итермелейді.

Мәселен, қазіргі уақытта Петропавл қаласының 38 жастағы тұрғыны бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр. Өткен жылдың күзінде ол мас күйінде бірқатар заң бұзушылықтар жасады. Оның ішінде басқалардың ұлттық қадір-қасиетін қорлау, билік өкілдеріне бағынбау түріндегі бұзақылық әрекеттер де бар. Сот шешімімен мас күйінде ерсі қылықтар жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаевтың айтуынша, жыл басынан бері бөлініс қызметкерлерімен 3 қылмыстық іс қозғалды (барлығы — әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу нәтижесінде) және 22 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру