Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тұрғын әйелінің жағын сындырды

Ақмолалық тұрғын жанжал барысында әйелінің жағын сындырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 5 қазанда Жарқайың ауданы Державинск қаласында болған. Жергілікті полиция бөліміне аудандық аурухананың медбикесі жағы сынған 42 жастағы әйелдің қабылдау бөлмесіне жүгінгені туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер дереу осы ақпаратты тексеруге және жарақат алған жағдайларды анықтауға кірісті.

Бұл фактіні құқық қорғау органдары ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Белгілі болғандай, 5 қазанда жәбірленуші мен оның 37 жастағы жұбайы арасында жанжал болған, соңы қол көтерумен аяқталған. Әйелдің айғақтары бойынша, жұбайы оның басы мен бетіне қолымен бірнеше рет соққы беріп, денесінен тепкен. Ер адам жәбірленушінің өзі жанжал тудырды деп сендіреді, бірақ неге жұдырығын ала жүгіргенін түсіндіре алмады.

Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Айта кету керек, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың алдын алу – бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Биылғы жылы учаскелік полиция инспекторлары отбасылық дебоширлерге қатысты 2 700-ден астам қорғаныс ұйғарымын шығарды және 558 ерекше мінез-құлық талаптарын белгіледі. Нұсқаманы бұзған 217, ерекше талаптарды бұзған 327 ақмолалық жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру