Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ұрлық саны азайды

Алматыда ұрлық саны азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы қаласының полицейлері 9 ай жұмысының қорытындысын шығара отырып, пәтер ұрлығы, қалта ұрлығы, көлік салонынан ұрлық және интернет-алаяқтық деректерінің төмендеуінің оң динамикасын атап өтті. Сонымен қатар, ауыр, аса ауыр қылмыстар, пәтер тонау, көлік салонынан ұрлау, қалта ұрлығы, интернет-алаяқтық және тағы да басқа қылмыстарды ашу жақсарды.

Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 129 атыс қаруы, оның ішінде 21 тапанша, 15 кесілген шолақ мылтық, 75 мылтық, 4 “Калашников” автоматы, 98 граната және 400-ден астам оқ-дәрі тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 262-бабына сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару деректері бойынша 3 қылмыстық іс тіркелді.

Алматыда жыл басынан бері 461 есірткі қылмысы анықталса, оның 94-і есірткінің заңсыз айналымына қатысты. Заңсыз айналымнан 600 келіге жуық есірткі, оның ішінде 398 келі марихуана, 84 келіден астам гашиш, 15 келіге жуық синтетикалық есірткі және 111 келіден астам басқа да есірткі заттары тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру