Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер ұрланған көлікті Қордайдан тапты

Алматылық полицейлер ұрланған көлікті Қордайдан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір тәулік ішінде Әуезов ауданының полиция қызметкерлері Жамбыл облысы аумағында көлік ұрыларын құрықтап, қылмыстың бетін ашты.

– 23 және 19 жастағы екі күдікті, Қойчуманова көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан Mercedes көлігін ұрлады деген күдікке ілінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. 23 жастағы А. есімді азамат және оның 19 жастағы М. есімді “серігі” де Жамбыл облысының тумалары. Олардың жолы Қордай ауылында бөгелді. Көлік тәркіленіп, заттай айғақ ретінде қылмыстық іске қосылды, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Қазір полиция қызметкерлері ұсталғандардың қалада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Тергеу барысында күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру