Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полиция қызметкерлері «айна ұрысын» ұстады

Алматылық полиция қызметкерлері жақында абақтыдан шыққан «айна ұрысын» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің мәліметінше, қазіргі уақытта 31 жастағы шаһар тұрғынының 11 көлік айнасын ұрлауға қатысы бар екені дәлелденді.

– Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер тіркелді. Олар бір өндіріске біріктірілген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскөй тұрғылықты жерінде ұсталды. Одан сатуға дайындап қойған шетелдік көліктерден ұрланған көлік айналары тәркіленді. Ер адам түнгі уақытта тұрғын үйлердің аулаларында ұрлық жасаған. Оларды нарық бағасынан төмен бағада сатқан. Күдікті негізінен Toyota, Lexus, Mercedes көліктеріне маманданған, – дейді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Күдікті еш жерде жұмыс істемейді.

– Ол жақында түрмеден шықты. Бірақ дұрыс қорытынды жасай алмаған сияқты. Оңай ақша табу мүмкіндігі күшті болды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қамауға алу туралы санкция берілді. Оның қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады, – деді Тимур Мулинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру