Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Төмен бағада жем әперемін” деп, көршісін алдап соққан шымкенттік ұсталды

Шымкентте “төмен бағада жем әперемін” деп, көршісін алдап соққан тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданы Полиция департментіне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, көршісі уақ малына арзан бағада жем әперемін деп, 210 000 теңгесін алған. Алайда арада бір ай уақыт өтсе де не жемін, не ақшасын қайтармай жүр.

Абай АПБ-ның тәжірбиелі полицейлерінен құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен азаматты қолға түсіру мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Мұқият тексеру жұмыстары жасалып, нәтижесінде, полицейлер азаматты бір тәулік ішінде қала көшелерінің бірінен ұстап, полицияға жеткізді. Белгілі болғандай, тұрғынның көршісі ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру