Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының ПД жыл қорытындысын шығарды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде аппараттың барлық қызметтері мен аудандық бөлімшелер басшыларының қатысуымен кеңейтілген жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында ішкі істер органдарының 2021 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды, сондай-ақ Мемлекет басшысының, ішкі істер министрінің тапсырмаларын іске асыру және алдағы 2022 жылға міндеттер қойылды.

Облыстық ПД бастығы Жанарбек Бақтыбаев 23 желтоқсанда ҚР ІІМ Алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтқан полиция жұмысының негізгі талаптары мен басым бағыттарын жеке құрамға жеткізді.

Осы жылы полиция жұмысының сервистік моделіне көшуге және халықпен тиімді байланысты жолға қоюға, “полицияның қадамдық қолжетімділік”, “құқық бұзушылықтарға төзбеушілік” және “естуші мемлекет” қағидаттарын іске асыруға, құқық бұзушылықтардың, әсіресе отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасауға, қазіргі заманғы технологиялар мен цифрлық құралдарды енгізуге, ІІО қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде жалпы Маңғыстау облысындағы жедел жағдай тұрақты. 2021 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстың 5,2%-ға төмендегені байқалады. Қылмыстың барлық түрлерінің ашылу деңгейі жақсарды. Есеп беру кезеңінің қорытындысы бойынша кісі өлтіру, зорлау және қарақшылық шабуылдары туралы ашылмаған фактілер жоқ екенін атап өткен жөн. Осы санаттағы қылмыстардың ашылуы 100%-ды құрады.

Сондай-ақ, қоғамдық орындарда және көшелерде, мас күйінде жасалатын қылмыстардың азаюына қол жеткізілді. Бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, ұрлық және бұзақылық қылмыстарының ашылу деңгейін жақсарту мүмкіндік туды.

– 2021 жыл ІІМ жүйесінде құқық бұзушылықтың алдын алу жылы болып жарияланды. Мемлекет басшысының “қадамдық қолжетімділік” полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында біз мүмкіндігінше жиі назарда болуға және халықпен байланысуға тырысамыз. Біздің облыста азаматтарды қабылдау үшін сегіз фронт-офис штаттық режимде жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау және түрлі мәселелер бойынша кеңес беру тұрақты негізде жүзеге асырылады. Алдағы жылы полиция жұмысына цифрландыруды, “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының қағидаттарын енгізу, ІІО қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сервистік модельге көшу және қылмыстық істерді тергеудің үш буынды моделін енгізу бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Осы жылдың басында ішкі істер министрлігі азаматтарға полициямен кез келген тәсілмен тез байланысуға мүмкіндік беретін “102” мобильді қосымшасын іске қосты. Бұл жоба біздің облыста да белсенді түрде енгізілуде. Мәселен, бүгінгі таңда облыс бойынша “азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің бірізділігі (омниканальность)” жобасы бойынша 25 автоматтандырылған жұмыс орны жабдықталған. Біз облыстағы құқықтық тәртіп деңгейін арттырып, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайтуымыз керек, – деді Жанарбе Бақтыбаев.

Есірткі қылмыстарын анықтау бойынша да көрсеткіштер жақсарды. Ағымдағы жылы мамандандырылған бөлімше қызметкерлері аса ірі мөлшерде “марихуананы” жеткізумен және өткізумен айналысатын екі ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін жойды. Заңсыз айналымнан 200 кг астам есірткі заты тәркіленді.

Сонымен қатар, жылдың басынан бастап тергеушілер қылмыстық істерді үш буынды модель аясында тергеуде. Үш буынды модель шеңберінде кідірістер жойылады, сотқа дейінгі тергеп-тексеру уақыты қысқарады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды. Қылмыстық теріс қылықтар бойынша тергеп-тексеру рәсімі барынша оңайлатылды. Мемлекет басшысының қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін прокуратурамен бірлесіп ведомстволық бақылауды және тергеу сапасын ұйымдастырудың жаңа тәсілдері пысықталды. Бүгінгі күні Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бөлімшелері техникалық ерекшелікке сәйкес “е-УД” модулінің жұмыс орындарымен 100% жабдықталған. Ағымдағы жылы 2 594 қылмыстық іс электрондық форматта қаралды.

“Nur Otan” бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Маңғыстау облысының Жол картасына сәйкес “өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!” бүгінгі таңда аудан әкімдерімен бірлесіп сегіз учаскелік полиция пункті ашылды. Оның ішінде тұрғын үймен біріктірілген пункттер саны – алты.

Полиция жұмысының сервистік моделіне көшу және “қадамдық қолжетімділік” қағидатын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы криминогендік аудандарда және адамдар көп жиналатын жерлерде тәулік бойы қызмет атқару үшін үш стационарлық полиция бекеті құрылды және пайдалануға енгізілді. Бұл полицейлерге азаматтардың кез келген өтініштеріне жедел әрекет етуге көмектеседі.

Қазіргі уақытта облыста 28 533 бірлік бейнебақылау камералары пайдаланылады, олардың 9 413-і жедел басқару орталығына шығарылған.

Қоғамның полиция қызметіне деген жоғары талаптарын ескере отырып, кеңес барысында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың алдағы 2022 жылға арналған талаптары жеткізілді. Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметіне баға берілді, 2022 жылы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені белгіленді. Облыстың бас полицейі полиция ведомствосы бөліністерінің әрбір басшысына нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру