Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылықтарға тауарды “кеденнен өткізіп беруді” ұсынған ер адам ұсталды

Алматылықтарға тауарды “кеденнен өткізіп беруді” ұсынған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталған адам – 38 жастағы С.есімді азамат, Жамбыл облысының тумасы.

– Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Қазіргі уақытта тергеу екі қылмыстық эпизодты дәлелдеді. Күдікті ҚХР-мен кедендік шекарада тауарларды кедергісіз өткізу бойынша қызмет көрсетемін деген желеумен 10 мың доллар көлеміндегі қаражатты иемденген. Осыдан кейін қылмыскер бірнеше рет осындай “қызмет” көрсетіп, алған қаражатты өз қалауынша жұмсаған, – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Полиция бұл адамның іс-әрекетінен зардар шеккендердің көп болуы мүмкін екеніне сенімді.

– Оның бірнеше рет заңсыз әрекеттер жасағанын ескере отырып, осы адамның алаяқтық әрекетінен зардап шеккен азаматтардан мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-708-707-92-02; 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78, – деді полицияда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру