Алматылық полиция қызметкерлерінің балалары Қырғызстандағы құрдастарын шығармашылықтарымен таң қалдырды
Алматылық полиция қызметкерлерінің балалары Қырғызстандағы құрдастарын шығармашылықтарымен таң қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясының қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлерінің балалары, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалар Ыстықкөлге демалуға аттанған болатын. Жазғы лагерьге келген бірінші күні балалар басқа демалушылармен, күн тәртібімен және аумақпен танысты.
Күннің соңына қарай «Алло! Біз таланттарды іздейміз!» байқауы өтті.
Алматылық команданың атынан «Жаса, Қазақстан!» биін орындаған 11 жастағы Айлин есімді Әлсеровтер әулетінің қызы мен Алатау аудандық ПБ криминалистінің қызы Айша Оразалы қатысып, өзінің жақсы вокалдық қабілетін көрсетті.
– Әсіресе, көрермендер бізді дүркіретіп қошеметпен қолдағаны есімде. Бұл қолдау бізге рух беріп, сенімімізді арттырды, – деді Айша Оразалы.
Шығармашылық сайыс жалынды би кешімен жалғасты.