Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер төрт азаматтан травматикалық тапанша мен оқ-дәрілерді тәркіледі

Алматылық полицейлер төрт азаматтан травматикалық тапанша мен оқ-дәрілерді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында полиция қызметкерлері БМВ көлігін тоқтатқан.


Салонда төрт ер адам болған, олардың іс-әрекеті тәртіп сақшыларына күдікті болып көрінген.

– Мұндай алаңдаушылық негізсіз болған жоқ. Көлік құралын тексеру барысында багаж бөлімінен 2 травматикалық тапанша мен оларға арналған оқтар табылды және тәркіленді. Осы уақытта күдіктілердің бірінен тағы бір травматикалық тапанша, оқтар мен пышақ табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, тергелі жатыр. Қарудың кімге тиесілі екендігі сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру