Алматылық ҚАЖД-ға қарасты балалар колониясындағы жасөспірімдерге сертификат табысталды
Алматылық ҚАЖД-ға қарасты балалар колониясындағы жасөспірімдерге оқуды аяқтағаны үшін сертификат табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты балалар колониясында жүйелі тәрбиелік жұмыстармен қатар, жазалы жасөспірімдерге әртүрлі мамандық бойынша білім беру жүзеге асырылады. Мысалы №11 мекемесі аумағында «№ 2 кәсіптік-техникалық мектебі» мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық мектепте «Құрылыс ағаш ұстасы», «Механикалық-құрастыру жұмыстарының слесарі», «Металл жонушы» мамандығы бойынша 36 бала оқиды. Жуырда металл жонушы мамандығын алған түлектерге оқуды аяқтағаны туралы мемлекеттік үлгідегі сертификат берілді.
Олардың арасында 7 жазасын өтеуші 2 разрядты біліктілік бойынша мемлекеттік үлгідегі сертификат алды. Кәсіптік-техникалық мектептің, оқу кезеңі тәулігіне үш сағаттан аспайды, өндірістік практика кәсіптік-техникалық мектеп цехтарында өткізіледі.
Сотталған балаларға сертификат тапсыру салтанатына Кәсіптік-техникалық мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.Қасымов және мекеменің аға инспекторы Т.Ниязамова қатысты.