Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Алтын сырғаңды таға тұрайын»: Түркістан облысында әйел танысын алдап кетті

Түркістан облысының полицейлері алтын сырғаны алаяқтық жолмен жымқырған күдікті әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, алыс танысы өзіне тиесілі алтын сырғасын уақытша тағуға сұрап алып кетіп қайтармай қойған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 200 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Түлкібас аудандық ПБ-нің полицейлері осы алаяқтық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына тез арада келіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде күдіктінің тұрғылықты мекенжайы анықталып, үйінен ұсталды. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай күдікті әйел жымқырған сырғаны өз қажеттілігі үшін ломбардтардың біріне 150 мың теңгеге бағалап өткізіп жіберген.

Түркістан облысы полицейлері алаяқтық қылмысының алдын алу үшін, сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар дүкенді ашық күйде қалдырмай, есік-терезелердің жабылғанына толық көз жеткізіп алуды ескертеді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру