Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде автобус кондукторының телефоны қолды болды

Өскеменде автобус кондукторының телефоны қолды болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 14 қазанында Өскемен қ.ПБ Ертіс ПБ “102” жедел арнасына автобустың 62 жастағы кондукторы жүгініп, белгісіз біреу “Зеленстрой” аялдамасынан “Орталық базар” аялдамасына дейін жүру жолында маршруттық автобус салонындағы жұмыс үстелінен құны 89 мың теңге тұратын ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткенін хабарлады.

Патрульдік полиция жасағы Өскемен қ. ПБ ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен “ізін суытпай” 32 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Жауап алу барысында қаскүнем өз кінәсін мойындап, ұрланған мүлікті қайтарды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетсек, полицияға ұялы телефондардың ұрлануы туралы уақытылы хабарлау әрекеті қылмыстың “ізін суытпай” ашылуына септігін тигізеді.

Полиция департаменті азаматтарға ұялы телефон ұрланса, жәбірленуші дереу қылмыс жасалған жердегі ішкі істер органына немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгінуі керек екенін еске салады.

Сондай-ақ, өз мүлкіне немқұрайлы қарамауды, оны көрнекті жерде және қараусыз қалдырмауды ескертеді. Байланыс құралын басқа адамдарға ешқандай сылтаумен, тіпті егер олар көз алдында болса да пайдалануға рұқсат бермеуді еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру