Амангелді ауданында полицей жоғалған жылқыны тапты
Қостанай облысы Амангелді ауданында полицей жоғалған жылқыны тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қыркүйекте кезекші бөлімге Амантоғай ауылының тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ер адам 6 жасар биенің еркін жайылымнан жоғалып кеткенін айтты. Иесі сонымен қатар жануардың түсі мен түрін суреттеп берді.
Сол күні іздестіру іс-шаралары барысында полиция капитаны биені бөлек үйірдің бірінен тапты.
Ғабдылуахит Әубәкіров полицейге жылқыны іздеуге көмектескені үшін алғыс айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Денисов және Әулиекөл аудандарының тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарына 100-ге жуық бас жылқыны табуға және оларды иелеріне қайтаруға көмектескен болатын.