Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық еріктілер мен полицейлер 360-тан астам есірткі граффитиін өшірді

Солтүстік Қазақстан облысында есірткі қылмысына қарсы күрескерлер жұмыс күнін есірткі граффитилерді өшіруден бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бояу баллондарын қолдарына алып, полицейлер мен “Қамқор” клубының еріктілері қаланың шетіндегі және орталығындағы екі объектіні: Борки кентіндегі қараусыз қалған ғимарат пен Алтынсарин – Шәжімбаев көшелерінің қиылысындағы гараж кооперативін нысанға алды.

Еріктілердің бұндай акцияларға алғаш қатысулары емес, олар қабырғаларындағы жазбаларды өшіруді қажет ететін қаланың түрлі аудандарындағы жаңа мекенжайларды белгілейді. Еріктілер клубының жетекшісі Екатерина Галатаның сөзінше, жазбаларды өшіруден басқа олар полицейлермен бірлесе түрлі бағыттар бойынша жұмыс атқарады: есірткіге қарсы логотипі бар қорғаныс маскаларын таратты, жастармен профилактикалық әңгімелер жүргізеді.

Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында өтініштерді және фотоматериалдарды қабылдау үшін 2018 жылдан WhatsApp мессенджерінде (8-707-500-96-65) “тікелей желі” жұмыс істейді. Бір айдың ішінде есірткі граффитиі бойынша кемінде бес хабарлама келіп түседі. Әрбір хабарлама бойынша полицейлер тексеріс жүргізіп, қауіпті жазбаларды бояу бойынша шара қабылдайды. Бұл жұмыста полицейлерге еріктілер клубтарындағы ЖОО және колледж студенттері белсенді көмектеседі. Полицейлер есірткі граффитиін салғаны үшін ҚР ҚК 299,1-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша қылмыстық жауапкершіліктің көзделгені туралы ескертеді. Бап санкциясымен үш жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаевтың айтуынша, 14 қыркүйектен бастап облыс аумағында “Өрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсаты – өңір аумағына есірткі заттарын өткізу фактілерін анықтау және жолын кесу. Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз айналымнан 328 кг. астам түрлі есірткі заттарын алды, оның ішінде 1 кг. 200 грамнан астамы синтетикалық есірткі. Волонтерлермен бірлесіп, 360 есірткі граффити өшірілді. Полицейлер халықты есірткі граффитилерді өз еріктерімен бояуға шара қабылдауға, немесе нақты мекенжайы көрсетілген фотоны WhatsApp 8-707-500-96-65 нөміріне жіберуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру