Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында учаскелік полиция инспекторлары бір аптада 36 мың пәтерді аралап шықты

7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында облыс аумағында “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның негізгі мақсаты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджін арттыру болып табылады.

– Іс-шараның бірінші аптасында ғана өңірдегі полиция қызметкерлері тұрғын үй – жайларды, оның ішінде 13 мың жеке меншік секторларды, үш мыңға жуық саяжай үйлерін аралап шықты, – деп хабарлады жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов. Түрлі заң бұзушылықтар үшін екі мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция хабарлағандай, пәтерлерді тексеру барысында Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын 292 азамат анықталды.  Қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкен 239 азамат, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген 116 адам, тағы 62 павлодарлық ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаға тартылған.

– Аймақ полицейлері 1,5 мыңға жуық атыс қаруының иелерін тексерді, сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін алты қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардан екі бірлік тегіс ұңғылы қару тәркіленді, – деді Ғалым Сарғұлов.

Іздеуде жүрген адамдар да анықталды. Мәселен, Ленин кентінде көші-қон қызметінің қызметкерлері 2015 жылдан бері іздеуде жүрген 40 жастағы ер адамды анықтады. Одан түсініктеме және сот орындаушысына келу туралы міндеттеме алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру